Профилактикалық бақылау органдары

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың профилактикалық органдары елдегі мемлекеттік сатып алу туралы заңдар мен нормативтік актілердің орындалуына жауапты реттеуші органдар болып табылады. Олар мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтардың орын алуына жол бермейтін жағдайлар жасауға бағытталған.

Профилактикалық бақылау органдарының функцияларына мемлекеттік сатып алу процесінде бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу кіреді.

Профилактикалық бақылау органдары мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдерінде тексеру жүргізе алады. Бұл сатып алу процедураларын жоспарлау мен орындаудан бастап, келісім-шарт жасасқаннан кейін жалғастыру сияқты барлық сатып алу процесін тексеруді қамтиды.

Мұндай тексерулердің негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алулардағы ашықтықты, заңдылықты сақтауды және бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету.

Жауапты органдар / НҚА

ҚР ҚМ ІМАК камералдық бақылау басқармасы

Камералды бақылауды жүзеге асыру

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11

gov.kz/memleket/entities/kvga/about/structure/departments/leadership/1188/1?lang=kk

Функциялар мен міндеттер

Басқарма тапсырыс берушілердің сатып алу функциясын орындауын бақылау арқылы бастапқы кезеңде бұзушылықтардың жолын кесумен (профилактикалық бақылау) айналысады.

  • Камералдық бақылау барысында инспекторлар мемлекеттік аудит объектісін зерттемей-ақ, тәуекелдерді анықтай отырып, порталдағы мемлекеттік сатып алулар бойынша тапсырыс берушілердің деректеріне талдау жасайды.
  • Бұзушылықтар анықталған жағдайда аудитор бұзушылықты жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші анықталған бұзушылықты жоя отырып, осы хабарламаны орындауға міндетті.
  • Бұл бақылау тапсырыс берушілерге тәртіптік жазалар мен айыппұлдарды болдырмай, шарт жасасқанға дейін бұзушылықтарды дербес жоюға мүмкіндік береді.
  • Сонымен қатар, ІМАК заңнаманы бұза отырып жасалған шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюға құқылы. Шарт жасалғаннан кейін камералды бақылау ескерту жасай алатын бірнеше бұзушылықтар бар. Мысалы, шарт жасалғаннан кейін 6-бап бойынша шектеулер анықталса, егер ол әлі толық орындалмаған болса, оны біржақты тәртіппен бұзу қажеттілігі туралы хабарлама береді.

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Аудиторлық қызмет туралы

 

 

 

Құқықтық және заңнамалық негіздеме

Камералдық бақылау басқармасының Ережесу

Косымша ақпарат

Аумақтық құрылымдар