Қоғамдық бақылау
10.09.2022 жылғы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітіліп, оның 5.6-тармағына сай, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар бюджеттік бағдарламаларды іске асырудан азаматтар үшін жағымсыз салдарды, қоғамдық мүдделерді анықтау үшін қоғамдық мониторинг жүргізе алады.
“Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы” қоғамдық бақылау келесі формаларда жүргізіледі:
- қоғамдық мониторинг;
- қоғамдық тыңдау;
- қоғамдық сараптама;
- қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған меморганның немесе квазисектордың субъектісінің жұмыс есебін тыңдау.
Қоғамдық бақылау ҮЕҰ немесе жеке тұлғамен келесі түрде жасалады:
- мемлекеттік органдарға сұрау жолдау;
- мониторинг объектілеріне шығу;
- БАҚ талдау және журналисттерді тарту;
- депутаттарды қатыстыру;
- өзінің жарияланымын әлеуметтік желілерде шығару;
- мониторинг объектісінің және мемлоргандардың өкілдерімен жиналыстарға қатысу;
- Қоғамдық кеңестің алдында анализ өткізу және меморгандардың есебін тыңдау туралы ұсыныс беру;
- және т.б.
Қоғамдық кеңес қоғамдық мониторинг өткізу жоспарын құрады және бекітеді (нысандар, мерзімі, мақсаты және т.б.).