Сыртқы бақылау органдары
“Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы” Заңына және “Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы” 3-тармағына сай, сыртқы аудит және қаржылық бақылау органдары келесілер жатады:
- Жоғарғы аудиторлық палата — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Тексеру комиссиясы -жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы акдит және қаржылық бақылау жасайтын меморган. Тексеру комиссиясы әкімдерге бағынышты емес. Төрағасын тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты Жоғары аудиторлық палатаның ұсынуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережені бекіту туралы” 39-тармағына сай, Тексеру комиссиясы Жоғарғы аудиторлық палатасына бағынады.
Сыртқы аудит органдары келесі аудиторлық шараларды өткізеді:
- тиімділік аудиті;
- сәйкестілік аудиті;
- қаржылық есеп аудиті.
Заң бұзушылық анықталған кезде ықпал ету шарасы ретінде ұйғарым мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қолданылады.
Қылмыстық және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған уақытта құжаттар құқық қорғау немесе сот органдарына жолданады.
Жауапты органдар / НҚА
Жоғарғы аудиторлық палатасы
Сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу
Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс
gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kkФункциялар мен міндеттер
Жоғарғы аудиторлық палата мемсатып алу саласындағы негізгі функцияларының бірі — бақылау:
- Қаражатты мақсатты пайдалануды — мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуын жоспарлаудың негізділігі, орындылығы мен тиімділігі;
- Баға белгілеуді – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының сомасы мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырмашылықты бағалауды қоса алғанда,
- Негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) қол жеткізуді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары
Функциялар мен міндеттер
Әрбір облыста жоғары бақылау палатасының аумақтық бөлімшесі болып табылмайтын, дербес орган болып табылатын тексеру комиссиясы құрылады.
Тексеру комиссиялары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін және қаржылық есептілік аудитін жүргізеді.