«Адал мемсатып алу:сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық үн» атты халықаралық конференция өтті
28.11.2023 жылы «Kun Jarygy» коалициясы «Адал мемсатып алу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық үн» онлайн конференциясын ұйымдастырды.
Мақсаты: нақты жағдайларды мысалға ала отырып, жұртшылықтың назарын мемсатып алуларға аудару, халықты жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауға тарту.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеудің нақты жағдайларына, мемлекеттік сатып алулар және қоғамдық кеңестерге қатысуға қатысты заң жобаларын талдау жасалды.
Конференцияға коалицияның өкілдері, оқу орындарының өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.
Шараға қатысқан сарапшылар мен мамандар келесі тақырыптарды көтерді:
Бауыржан Мақұлбаев — Алматы қ. мемсатып алуының үлгісінде коррупциялық қауіптерді анықтау тәсілі.
Аида Бапахова — «Мемсатып алу туралы» Заңының жобасына тәуелсіз сын.
Нұрғали Рахманов — Шымкент қ. Оқушылар сарайын салудағы коррупциялық қауіптерді талдау кезінде «жасанды интеллектіні» және цифрлық геокартаны пайдалану.
Руслан Асаубаев – ҚР мемсатып алуын мониторингілеу бойынша өңірлік адвокациялардың нәтижесі туралы.
Бауыржан Заки – БҚО-дағы мемсатып алуға мониторинг жасауға қоғамды тарту.
Алмат Исмагулов – Мемсатып алуда бұзушылықтарды іздеу бойынша кеңестер.
Абай Мырхин – «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуын қоғамдық бақылау бойынша алғашқы цифрлық құралдың көрсетілімі.
Соңында қатысушылар болашақ іс-әрекеттерді талқылады.
Вебинарға еліміздің 20 өңірінен 20 адам қатысты. Видеожазбасы https://youtu.be/uGDRBADlLv8?si=qGyzgcGsyecFc8t8 мекенжайында қолжетімді.
Коалиция сарапшыларының зерттеулері мен талдаулары туралы prozakup.kz сайтынан оқи аласыздар.