Әкимат қайда қарап отыр? Жаңа Өмір ауылындағы «ауру» жобаға әлі 1 млрд қажет
Бізге Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылында тұрғын-үй салуға жер алып, үй құрылысын бастай алмай жүргендер жолықты.
Шынында да, 2019 ж. беріліп бастаған 780 жер учаскесіне әлі күнге дейін газ, су, электр жарығы тартылмаған.
Аудан әкімінің орынбасары А. Тугузбаевтың жауабына сай:
780 жерден тек 17 азамат жер телімдерін жеке меншікке алды.
2016 ж. Электр жарығын «СПМК-123» ЖШС-і 242,6 млн. жүргізді.
2022 ж. Су тартуды ұтқан «КазЕвроСтрой» ЖШС-і — 229,9 млн.
Газ өткізуге 430,3 млн. қажет. Ақшаны 01.06.2023 ж. құрылыс басқармасынан сұраттық.
Электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялауға 658,5 млн. қажет, оны энергетика басқармасынан 06.02.2023 ж. сұраттық.
2019 ж. тексерумен электр беру желілері, көше шамдарының және 17 трансформатордың ұрланғаны анықталды.
Мемлекетке 43,4 млн. залал келтірген Теректі ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Мулдашев сотталды (29.09.2020 ж. сот үкімімен ҚК 361-бабымен 4,6 жылға бас бостандығы шектелді).
Теректіге келген қай әкім болса осы үлкен шаруаны бітіре алмады:
2013-2016 ж. — Жеңіс Серікқалиев
2017-2018 ж. — Кәрім Жакупов
2018-2021 ж. — Әділ Жоламанов
2021-2023 ж. — Тілекқабыл Габдушев
Жақында келген Әлия Мухаметжановаға бұл үлкен сынақ.
Иә, бұрынғы обләкім дәл айтқан, «мемқызметкер – нашар менеджер».
Осылай, Бәйтерек ауданында жеке тұлға жерді қожалыққа деп алып, 400 учаскеге бөліп, шағын аудан жасады.
Ал, Теректінің шенеуніктері 470 млн жұмсап, оған тағы 1,1 млрд сұрап, әлі бір микрорайонды бастай алмай жүр.
Халқым-ау, сені әкім ойламайды, билікке сайлауда керексің, ол шенеунік орысша сөйлейді, қазақша білмейді, жағдайың мүшкіл, кредитің көп, жерің жоқ, тамағың қымбат, өзің кедейсің, мұнай-газдың бонусын сұрамайсың, әйтеуір күнелтіп жүрсің…
Қайда Жаңа Өмірдегі жер алған 780 адам?
Неге шағым жазбайсың, неге талап етпейсің?