«Kun Jarygy» коалициясы сарапшысы үздік атанды Бауыржан Закиге «Халық құрметі» медалін табыстады
«Батыс Қазақстан облысының арнайы мониторингтік тобы» қоғамдық қоры 2022 ж. бері дәстүрлі жыл сайынғы есебін өткізді.
Әр салада үздік деп танылған тұлғаларды марапаттады.
«Қоғам белсендісі» номинациясында біздің сарапшы, Оралдың белгілі құқық қорғаушысы Бауыржан Заки үздік деп танылды.
Оның азаматтық қоғамды қалыптастырудағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы еңбегі атап өтілді.
Сондай-ақ, мына азаматтар да «Халық құрметі» төсбелгісіне ие болды:
Борис Лаврентьев — депутат
Дулат Мақатов — Respublika партиясы БҚО филиалының төрағасы
Ербол Салыков — БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы
Ефим Мирский — медицина ардагері
Жандос Дуйсенгалиев – Орал қ. әкімі орынбасары
Каиргалий Кадыргалиев — медицина ардагері
Тилек Какенов — Дариян ауылы әкімі
Табылгали Сапаров — құрметті зейнеткер
Марапаттауға қордың төрағасы Мұрадым Қошқарбаев, кеңес төрағасы Ғалымжан Ищанов және республикалық АМТ төрағасы орынбасары Виталий Колпаков қатысты.