Оралдық жастар қоғамдық бақылау жасауға үйренді
Бюджеттің тиімді жұмсалуын енді студенттер талдайды.
13.03.2024 ж. Antikor ortalygy офисында 40 астам қыз бен жігіттің басын қосқан тренинг өтті.
Қатысқандар Махамбет, Жәңгір хан университеттерінің және БҚИТУ, ҚазИИТУ-дың 1-2 курстағы білім алушылары.
Антикор волонтері ретінде мен өткізген шараға Kun Jarygy коалициясының сарапшысы Арман Ахметқалиев көмектесті.
Қазір жеке тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға тәуелсіз мониторинг жүргізуі маңызды.
Себебі ол коррупция мен заң бұзудың тиімді профилактикасы және қаражаттың тиімді игерілуіне көмектеседі.
Осы өткір мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 ж. тұжырымдамасында көзделген.
Яғни, заңнама азаматтық қоғамды коррупцияға қарсы саясатқа/қызметке тартып отыр.
Қоғамдық бақылау жүргізу, мемсатып алуды талдау, бюджеттің оңды-солды шашылмауын, бұзушылық пен жемқорлықтың болмауын қадағалау, қолы таза емес шенеуніктер мен мердігерлердің профилактикасын жүргізу үшін оқытуды былтыр бастап кеттім.
Ең бастысы ЕЛГЕ/ХАЛЫҚҚА қажеттіні білер азаматтар мен белсенділерді, әсіресе ЖАСТАРДЫ оқыту, үйрету, дайындау менің жоспарымда, ол қолдан келер іс.
Серіктестерім де кәсіпқойлар:
- елімізде коррупцияға қарсы іс-қимылда брендке айналған «Әділдік жолы» РҚБ-і adildik.kz
- бір жылда қоғам бақылаушыларына арнап prozakup.kz сайтын жасаған «Kun Jarygy» коалициясы
- Қазақстанның ашық ақпараттық жүйелерін бір жерге тоғыстырған kz.bi.open-contracting.org сайтын — Мемсатып алуды талдау модулін жасаған «Datanomix» ЖШС-і
- БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Студенттердің ендігі мақсаты goszakup.gov.kz порталынан анализ жасар саласын таңдап, Антикордың белсенді еріктілеріне қосылып, білгені мен түйгенін іс жүзінде қолдану.
«Кеңесіп іс басқару — келелі елдің белгісі,
Қазақ мақалы
Жұмыла жұмыс атқару — Өрелі елдің белгісі»