Барлық жарияланымдар

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуды кәсібилендіру: басқару стратегияларына жаңа көзқарас» онлайн-конференциясы

 Мақсаты: «2030 жылға дейінгі Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын» ескере отырып, Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың өзекті міндеттері мен проблемаларын талқылау және оларды кәсібилендіру арқылы шешу жолдарын анықтау.

Мақсатты аудитория: «Kun Jarygy» коалициясының өкілдері, оқу орындарының оқытушылары, халықаралық сарапшылар.

Техникалық мәліметтер:

Күні мен уақыты: 2023 жылғы 7 қараша, сағат 17:00-18:35 (Астана уақыты, Қазақстан).

Вебинарға арналған платформа: ZOOM https://us06web.zoom.us/j/81732369151?pwd=gXj5L1u3NhjM7fac5NoAmBaE25G0Tx.1

Конференция ID: 817 3236 9151

Құпиясөз: 865638

Бағдарлама 

УақытыІс-шараСпикер
17:00-17:10Ашылуы және алғы сөз.Қатысушылармен таныстыруҚазақстандағы «Евразия қорының» өкілі«Kun Jarygy» коалициясының модераторлары
Абай МырхинАида Бапахова 
17:10-17:20Мемлекеттік басқарудағы мемсатып алудың рөлі.
— Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасына сай қазіргі жағдайдың талдауы.
— ҚР Президентінің мемлекеттік басқарудың жаңа модеоіне талаптары
Гульнара Исенова
Торайгыров университеті Extension орталығының директоры
17:20-17:35Мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру:
— Мемлекеттік қызметтің өзгерістерге дайындығы және инновациялық шешімдерді іздеу.
— мемлекеттік сатып алуды кәсібилендіру мәселесін шешудің инновациялық құралы ретінде мемлекеттік-әлеуметтік әріптестік механизмін әзірлеу.
Серик Джумагалиев
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Басқару институтының профессоры
17:35-17:45Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы есебіне сәйкес Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуды кәсібилендірудің негізгі проблемаларыНұрғали Рахманов
“Цифрлық қоғам” қорының директоры
17:45-18:10Украинаның мемлекеттік сатып алуды кәсібилендірудегі тәжірибесіАлександр Шатковский
Open Contracting Partnership (АҚШ) сарапшысы 
18:10 – 18:30Мемлекеттік сатып алуды кәсібилендірудегі Грузияның тәжірибесіСандро Рочикашвили
Ақпарат Еркіндігін Дамыту Институтының аға талдаушысы (IDFI), Грузия
18:30-18:45Ашық ой-талқы
— Сұрақтар мен жауаптар.
— Болашақ іс-әрекеттерді талқылау
«Kun Jarygy» коалициясының модераторлары
Абай Мырхин, Аида Бапахова 

Мемлекеттік сатып алу саласында кәсіби және тиімді мемлекеттік аппаратты құру Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын, тиімділігін және жариялылығын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады («Kun Jarygy» коалициясының адвокациялық басымдықтарының бірі).

Біз барлық мүдделі тараптарды жаңа көзқарастарды талқылауға және қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуды кәсібилендіру проблемасының қазіргі жағдайы

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның қолданыстағы редакциясында мемлекеттік сатып алуға қатысатын мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруді іске асыру бөлігінде “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы” ескерілмейді. Осы құжат аясында Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметтен «еститін», тиімді, есепті, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделетін мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізуді қатаң талап етеді.

Заң жобасында мемлекеттік сатып алуды кәсібилендіру туралы баптың болмауы Мемлекет басшысының “Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасында” Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына қойған кәсіби мемлекеттік аппаратты дамыту міндеттеріне қайшы келеді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/U2100000522).

Кәсіби мемлекет принципі

Мемлекеттік басқаруды қызмет көрсетуге бағытталған үлгіге айналдырудың негізгі шарты мемлекеттік аппаратта жоғары талаптарға сай келетін құзыреттілік пен кадрлық әлеуеттің болуы болып табылады.

Бұл ретте өзгерістерге дайын болу барлық мемлекеттік органдардың күнделікті қызметінің маңызды қағидатына айналуы тиіс. Бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тұрақты, жүйелі механизмін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар проблемалардың жаңа және инновациялық шешімдерін іздеуі және қызметтерді көрсетудің заманауи әдістерін қолдануы керек.

Мемлекеттік сатып алу саласында кәсіби құзыреттілігі жоғары мемлекеттік қызметкер мемлекеттік сатып алуды ашық әрі тиімді басқара алатыны анық.

2022 жылы Қазақстан мемлекеттік сатып алуға 5,8 трлн теңге жұмсады. Бірақ осы қомақты қаражат қаншалықты тиімді және әділ пайдаланылды?

Осыны ескере отырып, «Kun Jarygy» коалициясы мемлекеттік сатып алу үдерісін түрлендіруді және оны күнделікті жұмыс емес, үздік халықаралық тәжірибеге негізделген нақты, маңызды кәсіпке айналдыруды ұсынып отыр.

Ол қандай болуы керек?

Мемлекеттік сатып алумен айналысатындарға қатаң білім беру және оқыту талаптарын белгілеу қажет. Бұл кәсіпқойларға қатысты мәселе.

Мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша мамандандырылған орталықтарды құру. Оқыту ғана емес, сонымен қатар біліктілікті жоғары деңгейде ұстау қажет. 

Анықтама үшін: Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметі бойынша 2020-2022 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алуды оқыту бойынша 277 бірегей өнім берушімен 247 миллион теңгеден астам сомаға 1980 шарт жасалған. Яғни, елімізде мамандарды даярлайтын ұйымдардың саны жеткілікті.

Кімнің жауапты екені әрқашан анық бола бермейтін және тендер жеңімпазын алдын ала анықтау қаупі бар жерде түсініксіз тендерлік комиссияларды жою.

«Kun Jarygy» коалициясы әрбір мемлекеттік сатып алуды жеке мүддені көздемей және сыбайлас жемқорлық схемаларына араласпай, қоғам игілігі үшін әрекет ететін жоғары білікті маман жүргізуін ұсынады.