Dаta-журналистерге арналған вебинар туралы
2023 жылы 14 қарашада Dаta-журналистерге арналған вебинар өтті.
«Kun Jarygy» коалициясы ұйымдастырған онлайн іс-шарада талдау жасайтын журналистерге арналған Баға аналитикасы модулі таныстырылды.
Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар деректері негізінде құрылған Бағаны талдау модулімен жұмыс жасау, қажетті ақпаратты тез әрі ауқымды қылып алу үйретілді, бұл болса оларды кез келген бағалардың аналитикасына жол ашады.
Еліміздің жаңа ақпараттық технологиялар саласындағы үздіктердің бірі Datanomix компаниясы жасап шығарған Модульді пайдаланған БАҚ өкілі:
- мемлекеттік сатып алудағы тауарлардың орташа бағасын анықтай;
- деректерді пайдаланып, нарықта жеткізушілердің қолжетімділігін бағалай;
- мемсатып алу контекстінде бағаны талдауға қатысты басқа да көптеген қызықты және пайдалы аспектілерді қолдана алады.
Осының барлығын Айдос Измаганбетов түсінікті тілде оқытып, Модульдің ішінде «жүріп» көрсетті.
Онлайн семинарға қатысқан 10 журналистерге бонус ретінде Бағаны талдау модуліне 6 ай тегін кіру мүмкіндігі берілді.
Сарапшы Аида Бапахова мемсатып алу саласындағы біраз қызықты мәселелерді көтеріп, Модульді дұрыс пайдалану арқылы goszakup.gov.kz порталындағы көп ақпаратты сүзгі арқылы ең қажеттісін ғана алуға болатынын айтып берді.
Соңында қатысушылар медиа әлеміндегі шұғыл тапсырмаларға/жұмысқа және фактчекинг үшін қажетті мәліметтерді алуға Модульдің көп көмегі бар екендігін ерекше атады.
Вебинарға еліміздің 8 өңірінен 10 адам қатысты. Видеожазбасы https://youtu.be/S5avQrZrnmI?si=-JQ7jk6Ml3dZaf_Q мекенжайында қолжетімді.
Коалиция сарапшыларының, әсіресе журналистердің зерттеулері туралы prozakup.kz сайтынан оқи аласыздар.
Бұл семинар USAID және SICA бағдарламасы аясында Eurasia Foundation Inc. қолдауымен жасалды.